Общество
ҚТЖ 3 трлн теңгеден асқан қарыз кезінде компания табысының қайда жұмсалатынын түсіндірді
Ұлттық компания редакция жолдаған сауалға берген жауабында табыстың артуы қарыздың автоматты түрде азаюын білдірмейтінін мәлімдеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жүк тасымалынан түскен табыс 2,5 трлн теңгеге жеткен. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда шамамен екі есе көп. Өсімге транзиттік тасымал көлемінің артуы мен реттелетін тарифтердің кезең-кезеңімен көтерілуі әсер еткен.
Алайда түсетін қаражаттың едәуір бөлігі қарызды азайтуға емес, бұрын алынған несиелерді өтеуге, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуға және жылжымалы құрамды жаңартуға бағытталып отыр.
Қаржылық көрсеткіштерге валюталық міндеттемелерді қайта бағалау, операциялық шығындардың өсуі және жолаушылар тасымалын қаржыландыру қажеттілігі де қосымша салмақ түсіруде. Мемлекеттік субсидияларға қарамастан, бұл бағыт әлі де шығынды болып қалып отыр.
Алдағы бес жылда компания теміржолдарды салу мен жаңғыртуға, жолдарды күрделі жөндеуге, терминалдық және порттық инфрақұрылымды дамытуға, цифрландыруға, сондай-ақ локомотивтер мен вагондарды жаңартуға шамамен 6 трлн теңге инвестиция салуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ жуырда ҚТЖ басшылығының сыйақысы 1 млрд теңгеден асқаны белгілі болды.





