Алматылықтарды қоғамдық көлікке көбірек ауыстыру жоспарланып отыр
Бас жоспарда көлік шешімдері аудандар мен полицентрлер арасындағы байланысты жақсартуға, қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыруға және жеке автокөлікке тәуелділікті азайтуға бағытталған.
«Метро, LRT және SkyTrain Қаскелең, Талғар және Құлжа бағыттарын дамыту перспективасын ескере отырып, бірыңғай магистральдық көлік жүйесіне біріктіріледі. Жоспарлау бүкіл агломерация ауқымында іргелес аумақтар мен Алатау қаласының дамуын да ескереді. SkyTrain үлгісіндегі айналма желілерді, көлік-ауысу хабтары мен басқа да жүйелерді дамыту жолаушылар ағынын қайта бөлуге, ең жүктемелі бағыттарға түсетін қысымды азайтуға және қалалық ұтқырлықты экологиялық тұрғыдан тиімді етуге мүмкіндік береді», – деді қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов.
2030 жылға қарай Алматыда қоғамдық көлікпен жасалатын сапарлар санын тәулігіне 2,3 миллионға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл бастапқы көрсеткіштен шамамен 64 пайызға артық. Бұл межелер Бас жоспарға түзету енгізу кезінде де сақталады.
«Алматыгенплан» ҒЗИ басшысы Асхат Сәдуовтың айтуынша, негізгі міндеттердің бірі – қоғамдық көлікті тұрғындар жеке автокөлікті аз пайдаланып, жолға аз уақыт жұмсайтындай деңгейде ыңғайлы ету.
Ол үшін аудандар арасындағы бағыттарды дамыту, қала орталығы арқылы жүру қажеттілігін азайтатын ыңғайлы ауысу тораптары мен көлік байланыстарын ұйымдастыру көзделген.
2040 жылға қарай Бас жоспар жеке көлікті пайдалануды бастапқы деңгеймен салыстырғанда шамамен 20 пайызға азайтуды көздейді. Сонымен қатар қоғамдық көлік желілерінің жалпы ұзындығын 2030 жылға қарай 981 шақырымнан 1 040 шақырымға, ал 2040 жылға қарай 1 214 шақырымға дейін ұлғайту жоспарланған.
Халық санының болжамы нақтыланған кезде жолаушылар тасымалына деген қажеттілік те қайта есептеледі. Көлік жүйесін дамытудың нәтижелері жол жүру уақыты, қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы және аудандар арасындағы сапарлардың қолайлылығы бойынша бағаланбақ.
Тұрғын үй мен инфрақұрылым қалай салынады
Жұмыс орындары мен күнделікті қажетті қызметтер тұрғын аудандарға жақын орналасуы үшін қосымша бес полицентрді дамыту қарастырылған. Бұл қала ішінде алыс қашықтыққа қатынау қажеттілігін азайтуға тиіс.
Бұдан бөлек, Бас жоспарды түзету аясында 2040 жылға дейін 276 өнеркәсіптік кәсіпорынды қала аумағынан шығару көзделіп отыр. Алматының солтүстік, орталық және батыс бөліктерінде қоршаған ортаға кері әсер ететін тарихи қалыптасқан өндірістік кәсіпорындар орналасқан.
«Бас жоспар тұрғын үй аумақтарын халықтың әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін ескере отырып кешенді дамытуды көздейді. Жаңа аудандарды жоспарлау кезінде тұрғын үйлермен қатар мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер, спорт нысандары, қоғамдық кеңістіктер және инженерлік желілер бір мезгілде қарастырылуы тиіс. Халық тығыз орналасқан және әлеуметтік инфрақұрылым тапшылығы бар аумақтарға ерекше назар аударылады. Мұндай тәсіл қаланың теңгерімді дамуын қамтамасыз етіп, тұрғын үй құрылысының тұрғындарға қажетті инфрақұрылымнан озып кетуіне жол бермеуге мүмкіндік береді», – деді Бейбіт Шаханов.
Бас жоспардың сәтті жүзеге асырылуы Алматыны тұрғындардың өмір сүру сапасына бағдарланған, неғұрлым жайлы, қауіпсіз, экологиялық және функционалды қала ретінде дамытуға мүмкіндік береді.
Тэги:
Похожие материалы
Топ категории
Тасмагамбетова и Нигматулина заметили на тое в Алматы
- 12 октября, 2026
Провалился тротуар: житель Шымкента показал опасный участок
- 12 октября, 2026
В Астане на автомобиль упали стройматериалы
- 06 октября, 2026
Незаконное строительство в Алматы взяли под усиленный контроль
- 01 октября, 2026
В Кокшетау жители ЖК не могут добиться строительства обещанной дороги
- 30 сентября, 2026





