Қазақстанда ер адамдар декреттік демалысқа шыға алады, бірақ төлем тек аналарға берілуі мүмкін
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев декреттік төлемдерді тағайындау тәртібіне қатысты жоспарланған өзгерістерді түсіндірді.
Министрдің айтуынша, ер адамдар бұрынғыдай бала күтіміне байланысты демалысқа шыға алады. Алайда ұсынылып отырған жаңа тәртіп бойынша әлеуметтік төлемдер тек аналарға беріледі.
Бұл төлемдер ана денсаулығын қалпына келтіруге және бала күтіміне қолдау көрсетуге бағытталған.
Сонымен қатар, анасы жұмысқа қайта шыққан жағдайда да баласы бір жарым жасқа толғанға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алуды жалғастыра алады.
Ал C, D және E санаттарындағы отбасыларға республикалық бюджеттен әлеуметтік қолдау көрсету көзделген. Жұмыс істейтін аналар үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қосымша төлемдер қарастырылған.
Похожие материалы
Топ категории
В Алматы жалуются на состояние недавно уложенного тротуара
- 27 ноября, 2026
В работе BilimClass произошел технический сбой
- 27 ноября, 2026
Жители Семея жалуются на бездорожье в районе Кирпичного поселка
- 26 ноября, 2026
IPO КТЖ могут перенести на 2027 год?
- 25 ноября, 2026





