Фото: gov.kz
Қазақстанда жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына жол бермеу үшін көрші елдерден кіретін көліктерге жаңа шектеу енгізілді. Енді жеңіл және жүк көліктері мемлекеттік шекарадан тәулігіне бір реттен артық өте алмайды. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, елімізде жанар-жағармай тапшылығы жоқ. Алайда соңғы уақытта кейбір азаматтар көліктеріне қосымша жанармай бактарын орнатып, отынды заңсыз түрде шетелге шығаруға әрекеттеніп жүр.
«Қазір біз жанар-жағармайдың заңсыз әкетілуімен күресіп жатырмыз. Кейбір адамдар көліктеріне қосымша бак орнатып, отынды "сұр" жолмен сыртқа шығаруда», – деді вице-министр.
Қайырхан Тұтқышбаевтың айтуынша, соңғы кезде Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында және шекара маңындағы өңірлерде жанар-жағармай тұтыну көлемі күрт артқан.
Сонымен қатар Қырғызстан Қазақстаннан бензин жеткізу мәселесін қарастыруды сұраған. Вице-министрдің сөзінше, бұл мәселе елдің ұлттық мүддесі мен ішкі нарықтағы жанар-жағармай теңгерімі ескеріле отырып шешіледі.
Ол сондай-ақ Қазақстаннан Қырғызстанға жанармай жеткізілген жағдайда да бұл ішкі нарықтағы бағаға әсер етпейтінін айтты.
Похожие материалы
Топ категории
Тасмагамбетова и Нигматулина заметили на тое в Алматы
- 12 октября, 2026
Провалился тротуар: житель Шымкента показал опасный участок
- 12 октября, 2026
В Астане на автомобиль упали стройматериалы
- 06 октября, 2026
Незаконное строительство в Алматы взяли под усиленный контроль
- 01 октября, 2026
В Кокшетау жители ЖК не могут добиться строительства обещанной дороги
- 30 сентября, 2026





