Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

Қарағандыдағы аудан тұрғындары қауіпті құрылысқа шағымданды

Қарағандыдағы аудан тұрғындары қауіпті құрылысқа шағымданды

Фото: novosti.karaganda

Қарағанды қаласының Михайловка ауданында тұратын тұрғындар белгісіз біреулердің қауіпті аумақта құрылыс жұмыстарын бастап кеткенін айтып, дабыл қақты.

Олардың айтуынша, құрылыс алаңы газ құбырының, каналдың, магистральдық инженерлік желілердің, теміржолдың және зираттың дәл маңында орналасқан.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода тұрғындар жергілікті билік өкілдерін бұл мәселеге назар аударып, тексеру жүргізуді сұрайды. Сондай-ақ, олардың сөзінше, аталған аумақта теміржол мен тұрғын үйлердің арасындағы санитарлық-қорғаныс белдеуінің қызметін атқарған ағаштар кесілген.

Оқиғаға қатысты түсініктеме алу үшін Қарағанды қаласының әкімдігіне сұрау жолданды.

Қарағанды қаласының әкімі – Мейрам Қожықов, ал өңірді Ермағанбет Бөлекпаев басқарады.

Похожие материалы