"Әділет" партиясының Астанада өткен республикалық форумына 2 мыңнан астам делегат келді
Бүгін Астанада «Әділет» партиясының республикалық жақтастар форумы өтті. Ауқымды жиынға еліміздің барлық өңірінен келген 2 мыңнан астам делегат, белсенділер мен өңірлік штабтардың өкілдері қатысты.
Форум барысында партия өкілдері «Әділеттің» саяси бағыты жаңа Конституция қағидаттарына және Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық даму бағдарына негізделгенін айтты.
Партия төрағасы Айбек Дәдебайдың атағандай, «Әділет» қоғамның әртүрлі саласында еңбек етіп жүрген кәсіби мамандарды ортақ мақсатқа жұмылдырған саяси күшке айналды.
«Біз Мемлекет басшысының стратегиялық бағытын қолдаймыз және оны жүзеге асуына үлес қосуға дайынбыз. «Әділет» партиясы еліміздің әр өңірінен шыққан, әртүрлі жастағы түрлі мамандық иелерінің басын біріктіреді. Партиялық тізімде 20-дан астам саланың маманы бар. Бұл – тәжірибесі мен кәсіби білімі тоғысқан мықты команда. Бізді бәрімізге ортақ әділеттілік, отаншылдық, жауапкершілік, еңбекқорлық және алға ұмтылу сияқты ортақ құндылықтар біріктіреді», – деді Айбек Дәдебай.
Сайлауалды науқан барысында республикалық штаб Қазақстанның бүкіл 20 өңірін аралап шықты. Кандидаттар қала және ауыл тұрғындарымен, өндіріс орындарының еңбек ұжымдарымен, дәрігерлермен, педагогтермен, аграршылармен, кәсіпкерлермен және жастармен жүздесіп, ашық пікір алмасты. Осы кездесулер барысында депутаттыққа үміткерлер әр өңірдің өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, халықты толғандырған өзекті мәселелерді нақтылай түсті.
«Біз ел азаматтарын не толғандыратынын тыңдап, алда қандай өзгерістер күтетінін сұрадық. Әр өңірдің өзіне тән мәселелері бар, дей тұрғанмен, бүкіл елге ортақ бір сұраныс бар екенін көрдік. Ол – әділеттілік. Адамдар лайықты еңбекті, тең мүмкіндікті, баршаға түсінікті ережелер мен нақты шешімдерді күтеді. Науқан кезінде халық айтқан ұсыныстардың бәрі партияның алдағы жұмысында ескеріліп, негізгі бағыттарымыздың біріне айналады», – деді партия төрағасы.
Екі мыңнан астам қатысушы жиналған форумда Құрылтай депутаттығына кандидаттар «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.
Дихан Қамзабекұлы мәдениет пен қоғамдық құндылықтардың маңызына тоқталса, Лаура Қарабасова білім беру жүйесінің болашағы туралы баяндады. Вадим Басин өнеркәсіпті дамыту мен еңбек адамының құқығын қорғау мәселесін көтерді. Белла Газдиева «Заң мен тәртіп» қағидатының басымдықтарын түсіндірсе, Кирилл Осин экологиялық саясат жөнінде сөз сөйледі. Ал Айсұлу Сүлейменова инклюзивті қоғам қалыптастыруға бағытталған бастамаларды таныстырды.
Форумда партия өкілдері сайлауалды науқанның қорытындыларын жариялады. Бір ай ішінде Әділет» партиясы 6 миллионнан астам адамды қамтыған 21 мыңнан астам іс-шара өткізді.
«Әділетті Қазақстан үшін» мобильді керуені 99 елді мекенді аралап, 14 мыңға жуық тұрғынмен кездесу өткізді. «ӘDILET EVENT» алаңдары мен дрондар шоуы шамамен 320 мың адамды жинады. «Есіктен есікке» акциясы 2 миллионнан астам адамды қамтыса, «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасына 121 мыңнан астам азамат қатысты.
Сайлауалды науқан кезінде республика бойынша 247 штаб жұмыс істеп, партия атынан 30 мыңға жуық өкіл халықпен жүздесті.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.И
Похожие материалы
Топ категории
Жители пригорода требуют отремонтировать дороги
- 21 августа, 2026
Таксистка из Астаны пожаловалась на буйного пассажира
- 17 августа, 2026





