Фото: t.me/aqorda_resmi
Астанада Қазақстан Республикасы Парламентінің VIII шақырылымындағы Сенат пен Мәжілістің соңғы бірлескен отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысы депутаттардың заң шығару қызметінің қорытындысын шығарып, олардың жаңа Конституцияны әзірлеуге қосқан үлесін және қабылданған заңдардың сапасын жоғары бағалады.
1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енеді. Соған сәйкес, қос палаталы парламенттік жүйе — Сенат пен Мәжіліс өз жұмысын тоқтатады. Оның орнына бір палаталы заң шығарушы орган — Құрылтай құрылады.
Осылайша, Сенат пен Мәжіліс өз қызметін ресми түрде аяқтап, Қазақстандағы қос палаталы Парламент тарих қойнауына енді. Саяси реформаның келесі кезеңі ретінде тамыз айында бір палаталы Құрылтайдың депутаттарын сайлау өтеді.
Мемлекет басшысы атап өткендей, қазіргі депутаттардың бір бөлігі жаңа құрамдағы Құрылтайда, сондай-ақ Қазақстанның Халық кеңесінде қызметін жалғастыру мүмкіндігіне ие болады.
Похожие материалы
Топ категории
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
- 14 июля, 2026
Air Astana БАӘ бағытындағы рейстерді тоқтатты
- 13 июля, 2026
Air Astana приостановила авиасообщение с ОАЭ
- 13 июля, 2026





