Барлық саланы цифрландыру: IT қауымдастығы «Әділет» партиясының бағдарламасын қолдады
Цифрлық экономиканы жедел дамыту үшін жаңа технологияларды енгізумен қатар, заңнаманы уақытылы жаңарту, технологиялық кәсіпкерлікті қолдау және қазақстандық IT компаниялардың халықаралық нарыққа шығуына жағдай жасау қажет. IT саласының және технологиялық бизнестің өкілдері «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасын қолдайтындарын білдірді.
Такси қызметтері қауымдастығының басшысы әрі IT-хабтар резиденті Тимур Мәулешевтің айтуынша, қазір технологиялық даму заңнамадағы өзгерістерден әлдеқайда жылдам жүріп жатыр. Жаңа цифрлық сервистер мен жұмыспен қамтудың жаңа форматтары бірер айда пайда болады. Ал нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау бірнеше жылға созылуы мүмкін. Осының салдарынан бизнес өкілдері реттеуші кедергілерге тап болса, мамандар үшін өз құқықтары мен еңбегінің кепілдігі бұлыңғырлана бастайды.
Мәулешевтің сөзінше, цифрлық экономиканың нақты қажеттіліктерін ескере отырып, заңнаманы жетілдіру және қолданыстағы ережелерді өзгерту қажет. Оны «Әділет» партиясына қосылуға итермелеген осы себептер. Сонымен қатар ол стартап қауымдастығының өкілдерін сайлауға қатысып, партия бастамаларын қолдауға шақырды.
IT саласы өкілдерінің пікірінше, келесі маңызды қадам – қазақстандық технологиялық компаниялардың халықаралық нарықтарға шығуын қамтамасыз ету. Бұл тұрғыда Қазақстан құралақан емес. Құрылтай депутаттығына кандидат Бағдат Мусин елімізде сәтті жүзеге асып жатқан жаһандық деңгейде бәсекелесе алатын жоғары технологиялық компаниялардың тәжірибесін мысалға келтіре кетті. Оның айтуына қарағанда, ендігі міндет – осындай жобалардың ауқымын кеңейтуге жағдай жасап, Қазақстанды бәсекеге қабілетті технологиялық алаңға айналдыру.
Бұл мәселеде партияның берік ұстанымы бар. Реттеуші кедергілерді азайту, венчурлік қаржыландыруды дамыту, технологиялық кәсіпкерлікті қолдау, сондай-ақ білікті мамандарды даярлау және елде ұстап қалу үшін лайықты жағдай жасау қажет. Сол үшін цифрландыру жеке бағыт ретінде емес, экономиканың барлық саласын қамтитын негізгі элемент ретінде қарастырылады. Тиісті бастамалар «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының өнеркәсіп пен қаржы секторынан бастап денсаулық сақтау мен ауыл шаруашылығына дейінгі түрлі бағыттарына енген.
Жаңа экономикаға қажетті мамандарды даярлау да ерекше назарға ие. Партия университеттер мен колледждерде, сондай-ақ тікелей жұмыс орындарында кемінде 5 млн адамды жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеу дағдыларына оқытуды мақсат етіп отыр. Бұл тәсіл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің цифрлық трансформациясын жеделдету, жасанды интеллектіні дамыту және экономиканың негізгі салаларына заманауи технологияларды енгізу бағытымен үндес екенін айта кетейік.
IT қауымдастығының өкілдері бұл бастамаларды жүзеге асыру технологиялардың даму қарқыны мен заңнаманың жаңаруы арасындағы алшақтықты азайтып, технологиялық бизнес үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ бұл қазақстандық нарықтың дайын IT өнімдерін импорттаудан біртіндеп өзінің отандық цифрлық шешімдерін әзірлеуге және экспорттауға көшуіне жол ашады.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
Похожие материалы
Топ категории
Жители пригорода требуют отремонтировать дороги
- 21 августа, 2026
Таксистка из Астаны пожаловалась на буйного пассажира
- 17 августа, 2026