Общество
Алматыдағы «Қалқаман» метро станциясы 2026 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі
Фото: gov.kz
Алматыда «Қалқаман» метро станциясын биыл желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімдігі ресми сауалға берген жауабында хабарлады.
Қазіргі уақытта нысанның жалпы құрылыс дайындығы 93 пайызға жеткен. Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Қазір станцияның ішкі әрлеу жұмыстары, инженерлік жүйелерді монтаждау және айналасындағы аумақты абаттандыру жүргізіліп жатыр.
Станция ашылғаннан кейін метроның жолаушылар ағыны тәулігіне шамамен 130 мың адамға жетеді деп күтілуде.
Сондай-ақ қосымша метро пойыздарын сатып алу 2027 жылға жоспарланған. Жаңа станциялар іске қосылғаннан кейін пойыздардың жүру аралығы қайта қаралады.
Похожие материалы
Топ категории
В центре Павлодара мужчина провалился под землю и получил ожог
- 24 августа, 2026
Жители пригорода требуют отремонтировать дороги
- 21 августа, 2026
Таксистка из Астаны пожаловалась на буйного пассажира
- 17 августа, 2026





