Общество
Алматыда коммерциялық және әкімшілік нысандар су есептегіштердің цифрлық жүйесіне толық көшеді
Алматыда тұрғын үй қорын су есептегіштермен қамту деңгейін айтарлықтай арттыру жоспарланып отыр. Қазір тұрғын үйлер мен пәтерлердің шамамен 78 пайызы есепке алу аспаптарымен жабдықталған. Келесі жылы бұл көрсеткішті 95 пайызға дейін жеткізу көзделуде. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Тұтынушылар үшін есептегіштің болуы нақты пайдаланылған су көлеміне ғана ақы төлеуге және өз тұтынуын бақылауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Алматыда мәліметтерді қашықтан беру жүйелерін қолдану аясы кеңейіп келеді. Әкімшілік, өнеркәсіптік және коммерциялық нысандарда есепке алу аспаптарын модемдік байланыс жүйелерімен міндетті түрде жабдықтау талаптары енгізіледі.
Жаңа талаптар пайдалануға берілетін нысандарға да қатысты болады. Жаңа тұрғын үйлерде, коммерциялық және өзге де нысандарда тек көрсеткіштерді қашықтан беруге мүмкіндік беретін есепке алу аспаптарын орнатуға рұқсат етіледі.
Бұл талаптар қолданыстағы есепке алу құралдарын жоспарлы және жоспардан тыс ауыстыру кезінде де қолданылады. Осылайша, құрылғылар жаңартылған сайын қала біртіндеп суды тұтынуды автоматтандырылған есепке алудың бірыңғай жүйесіне көшеді.
Есепке алу жүйесін цифрландыру тек төлем мен көрсеткіштерді тіркеуді жеңілдетумен шектелмейді. Нақты тұтыну туралы деректер су жүйесінің жекелеген учаскелеріне түсетін жүктемені талдауға, әдеттен тыс жоғары тұтынуды және ықтимал су ағуларын анықтауға, сондай-ақ су құбыры желілерін пайдалану мен дамытуды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Қашықтан есепке көшу Алматының сумен жабдықтау жүйесін кешенді цифрландырудың бір бөлігі болып табылады. Оның мақсаты – суды өндіру мен тасымалдаудан бастап, түпкілікті тұтынушының су пайдалануын есепке алуға дейінгі барлық циклді қамтитын заманауи су ресурстарын басқару жүйесін қалыптастыру.
Тэги:
Похожие материалы
Топ категории
Тасмагамбетова и Нигматулина заметили на тое в Алматы
- 12 октября, 2026
Провалился тротуар: житель Шымкента показал опасный участок
- 12 октября, 2026
В Астане на автомобиль упали стройматериалы
- 06 октября, 2026
Незаконное строительство в Алматы взяли под усиленный контроль
- 01 октября, 2026
В Кокшетау жители ЖК не могут добиться строительства обещанной дороги
- 30 сентября, 2026





