Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

Алматы жылу желілеріндегі аудит 8,8 млрд теңгеге бұзушылық анықтады

Алматы жылу желілеріндегі аудит 8,8 млрд теңгеге бұзушылық анықтады

Фото: Алматы жылу желілері

Алматы қаласының Тексеру комиссиясы «Алматы жылу желілері» кәсіпорнында жүргізілген аудит қорытындысын жариялады. Тексеру барысында жалпы сомасы 8,8 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталған.

Оның ішінде 5,3 млрд теңге – қаржылық бұзушылықтар, 3,5 млрд теңге – мемлекеттік активтерді тиімсіз пайдалану фактілері. Ал келтірілген экономикалық шығын көлемі 137,1 млн теңге деп бағаланды.

Аудит барысында жылу инфрақұрылымының айтарлықтай тозғаны да белгілі болды. Мәліметке сәйкес, жылу желілерінің 54 пайыздан астамы 25 жылдан бері пайдаланылып келеді. Соның салдарынан жыл сайын шамамен екі мыңға жуық ақау тіркеледі.

Қазіргі таңда «Алматы жылу желілері» кәсіпорнын Алтай Рахымбетов басқарады. Ал қаладағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына әкімнің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев жетекшілік етеді.

Похожие материалы