Регионы
Алматы әкімдігінде Дархан Сатыбалдының тұрғындармен қашан кездесетіні білмейді
Бұған дейін Алматы әкімдігі редакцияға қала әкімі Дархан Сатыбалдының тұрғындармен кездесулері маусым айына жоспарланғанын хабарлаған болатын. Осыған байланысты біз кездесулердің нақты күні, уақыты мен өтетін орны белгілі болды ма деген сауал жолдадық.
Алайда әкім аппаратының жауабына қарағанда, қазіргі уақытта мұндай ақпарат жоқ.
Алматы қаласы әкімінің 2026 жылғы маусым айындағы тұрғындармен кездесулерінің күні, уақыты және орны анықталды ма деген сұраққа әкім аппараты: «Жоқ, анықталған жоқ», – деп жауап берді. Әкімдікте кездесулердің күні мен уақыты туралы өзекті ақпарат Алматы қаласының ресми ресурстарында жарияланатынын хабарлады.
Сонымен қатар қалада аудан әкімдерінің тұрғындармен кездесулері жалғасуда. Қазіргі уақытта мынадай күндер жарияланған:
Бостандық ауданы
📅 2026 жылғы 25 маусым
🕙 10:00
📍 №38 гимназия (Радостовец көшесі, 367)
Әуезов ауданы
📅 2026 жылғы 16 шілде
📍 №175 мектеп-гимназия (Шаймерденов көшесі, 21)
Наурызбай ауданы
📅 2026 жылғы 30 шілде
🕚 11:00
📍 №206 мектеп-гимназия (Қалқаман шағынауданы, Талжанов көшесі, 15)
Алмалы ауданында тұрғындармен соңғы кездесу 10 маусым күні №62 гимназияда өткен.
Қалған аудандар бойынша өзекті ақпарат әзірге табылған жоқ.





