Фото: ҚР көлік министрлігі
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы – Қаскелең автожолын сегіз жолаққа дейін кеңейту жобасын жеделдетуді тапсырды.
Үкімет басшысының айтуынша, бұл жол өңірдегі ең көп жүктеме түсетін бағыттардың бірі. Соның салдарынан Алматы қаласы мен оған жақын елді мекендердің тұрғындары күн сайын көлік кептелісіне тап болады.
Премьер-министр мердігер ұйымға осы аптаның соңына дейін құрылыс техникасы мен жұмысшыларды нысанға шығаруды тапсырды. Құрылыс-монтаж жұмыстары 20 шілдеде басталады.
Сонымен қатар, Олжас Бектенов жобаның құны қымбаттамауы тиіс екенін атап өтті. Жер телімдерін сатып алу кезінде алыпсатарлыққа жол бермеу үшін олардың өтемақы құны 14 шілдедегі жағдай бойынша белгіленеді.
Тэги:
Похожие материалы
Топ категории
Тасмагамбетова и Нигматулина заметили на тое в Алматы
- 12 октября, 2026
Провалился тротуар: житель Шымкента показал опасный участок
- 12 октября, 2026
В Астане на автомобиль упали стройматериалы
- 06 октября, 2026
Незаконное строительство в Алматы взяли под усиленный контроль
- 01 октября, 2026
В Кокшетау жители ЖК не могут добиться строительства обещанной дороги
- 30 сентября, 2026





