Полицентрлік
Негізгі бағыттардың бірі – Алматыны полицентрлік қағида бойынша дамыту. Қаладағы іскерлік, әлеуметтік және мәдени белсенділік тек тарихи орталықта шоғырланбай, мегаполистің әр бөлігінде дамуы тиіс.
Әртүрлі аудандарда жұмыс орындары, мектептер, медициналық мекемелер, сауда және қызмет көрсету нысандары, демалыс орындары бар толыққанды полицентрлер құру жоспарланған. Бұл тәсілдің негізінде «15 минуттық қала» қағидаты жатыр.
Көлік
Алматылықтар үшін ең өзекті мәселелердің бірі – көлік.
Метро желісін батыс бағытта «Барлық» көлік-ауысу торабына дейін, ал шығыс бағытта әуежайға дейін ұзарту жоспарланып отыр. Сонымен қатар жалпы ұзындығы шамамен 42 шақырым болатын LRT желісін және екі Sky Train бағытын дамыту қарастырылған.
Билік қоғамдық көлік жүйесін дамыту жол жүру уақытын қысқартып, қала жолдарындағы жүктемені азайтады деп есептейді.
Экология, қалалық орта және туризм
Экология мен қалалық ортаны жақсартуға ерекше назар аударылмақ.
Жоспарда көшелерді «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша жаңғырту, жасыл аймақтарды дамыту, Сайран су қоймасын жаңарту, төмен шығарындылар аймағын енгізу, сондай-ақ ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-ті газға көшіру жұмыстарын жалғастыру бар.
Тау туризмін де дамыту көзделген. Шымбұлақ, Кимасар, Бутаковка және басқа да демалыс орындарын жыл бойы жұмыс істейтін бірыңғай тау кластеріне біріктіру жоспарланып отыр.
Мектептер мен медицина
2030 жылға дейін Алматыда 69 мектеп пен 32 жаңа медициналық нысан салу жоспарланған.
«Шығыс қақпасы» полицентрі аумағында 45 мың көрерменге арналған жаңа стадион бой көтермек.
Технология және жаңа экономика
Тағы бір стратегиялық бағыт – технологиялар мен жаңа экономиканы дамыту.
Қалада жасанды интеллект саласын, стартаптарды және креативті индустрияларды дамыту көзделіп отыр. Сонымен қатар мегаполистің даму үдерістерін модельдеу үшін Алматының цифрлық егізін жасау жоспарланған.
Нәтижесінде не өзгереді?
Басты идея – Алматыны жай ғана ірі мегаполис емес, экономикалық даму тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер ететін, мүмкіндігі мол қалаға айналдыру.
Похожие материалы
Топ категории
Тасмагамбетова и Нигматулина заметили на тое в Алматы
- 12 октября, 2026
Провалился тротуар: житель Шымкента показал опасный участок
- 12 октября, 2026
В Астане на автомобиль упали стройматериалы
- 06 октября, 2026
Незаконное строительство в Алматы взяли под усиленный контроль
- 01 октября, 2026
В Кокшетау жители ЖК не могут добиться строительства обещанной дороги
- 30 сентября, 2026





