Фото: aqtobe sergek паблигі
Жергілікті тұрғындардың су жиналған көшеден супермаркет арбасымен өтіп бара жатқан видеолары тарағаннан кейін, қала әкімдігі нөсер кәріздерінің жағдайына қатысты пікір білдірді.
Әкімдік мәліметінше, 2025 жылы «Астана» ауданындағы 11 учаскеде арықтар мен нөсер кәріздерін салу жұмыстары жүргізілген. Ал 2026 жылы бұл бағыттағы жұмыстарға қаржы қарастырылмаған. Дегенмен, биыл «Ада Групп» ЖШС нөсер кәріздері мен арықтарды тазалау және күтіп ұстау жұмыстарын атқарады. Бұл мақсатқа қала әкімдігі 67,2 млн теңге бөлген.
Сондай-ақ су көп жиналатын учаскелерде мердігер ұйымдар арнайы техника көмегімен суды сорып алады.
Бұдан бөлек, шенеуніктер су бұру жүйелерін күтіп ұстауға кәсіпкерлік нысандарының иелері де жауапты екенін еске салды.





