Семейде 25 мың көрерменге арналған жаңа футбол стадионы салынып жатыр. Алайда құрылыс барысында күрделі инженерлік-геологиялық жағдайлар анықталған. Жер асты суларының деңгейі де жоғары болып шықты.
Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты жобаға түзету енгізу қажет болды.
Жаңа стадион Семейдің әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтереді. Оған 20 гектар жер бөлінген. Жобаның тапсырыс берушісі – облыстық басқарма. Жобаны «Қазақ энергетика және байланыс ғылыми-зерттеу және жобалау институты» ЖШС әзірлеген. Құрылысты KAZ Minerals қаржыландырады.
Қазір жобалық құжаттар қосымша зерттеу жүргізу үшін ҚазҚСҒЗИ мамандарына жіберілген. Олар жердің жағдайын зерттеп, стадионның іргетасы қандай болуы керектігін анықтайды. Соның ішінде қадалы іргетас қолдану мәселесі де қаралады.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде құрылыс алаңының 15 тамызда түсірілген кадрлары тараған еді. Жазба авторы құрылыс жұмыстарының баяу жүріп жатқанына назар аударған.
Жаңа стадион УЕФА талаптарына сай болуы және 25 мың көрерменді қабылдауы тиіс.
Әкімдік жобаны түзету құрылыс мерзіміне қалай әсер ететінін әзірге нақтылаған жоқ. Стадионның қашан пайдалануға берілетіні де белгісіз.
Абай облысын Берік Уәли басқарады.
Тэги:
Похожие материалы
Топ категории
В Астане на автомобиль упали стройматериалы
- 06 октября, 2026
Незаконное строительство в Алматы взяли под усиленный контроль
- 01 октября, 2026
В Кокшетау жители ЖК не могут добиться строительства обещанной дороги
- 30 сентября, 2026
В Алматы с 4 октября вводят новые тарифы на платные парковки
- 30 сентября, 2026
Почему фонд "Самрук-Қазына" не раскрывает ключевые параметры IPO КТЖ
- 28 сентября, 2026
Глава "Казахтелекома" подарил основателю inDrive коня на свадьбу
- 28 сентября, 2026





