Общество
Курьерлердің болашағы бұлыңғыр, ал заңгерлер тым көп. Қазақстанда қандай мамандық таңдау керек?
Жуырда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің курьер мен такси жүргізушісі секілді мамандықтар болашақта жойылып кетуі мүмкін деген жауабы қоғамда қызу талқыланған еді. Осыдан кейін біз Қазақстандағы еңбек нарығының болашағы қандай болатынын және бүгінгі талапкерлерге қай мамандықты таңдаған дұрыс екенін зерттеп көрдік.
Жыл сайын Қазақстан жоғары оқу орындарын шамамен 150-160 мың түлек бітіреді. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы елімізде 20 өңірлік жаңа мамандықтар атласы әзірленген. Бұл құжаттар еңбек нарығының қай бағытта дамып жатқанын көрсетеді.
Қазір еңбек нарығында «дәстүрлі» мамандықтар бойынша маман тым көп. Олардың қатарында заңгерлік, дене шынықтыру және спорт, шет тілдері, аударма ісі, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету, қаржы, есеп және аудит, экономика, менеджмент, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару салалары бар.
Сонымен қатар сарапшылар қазірдің өзінде 1136 жаңа мамандықты, 635 өзгеріске ұшырайтын кәсіпті және 261 жойылып кетуі мүмкін мамандықты анықтаған.
Жаңа трендтерге бейімделу үшін жоғары оқу орындары 1758 жаңа білім беру бағдарламасын іске қосқан. Ең сұранысқа ие бағыттардың қатарында жасанды интеллект әзірлеушілері, нейрожелі инженерлері, DevOps мамандары, IoT-сарапшылар, өнім менеджерлері мен цифрлық жүйе архитекторлары бар.
Мамандардың айтуынша, қазір мамандықтардың өзі емес, қарапайым әрі қайталанатын міндеттер жойылып жатыр. Құжаттармен жұмыс, аударма, қарапайым код жазу, бухгалтерлік операциялар сияқты рутиналық жұмыстарды жасанды интеллект біртіндеп алмастыруда.
Дәл осындай өзгерістер креативті индустрияларда да байқалады. Монтаж, ретушь және қарапайым контент жасауды бүгінде жасанды интеллект орындай алады. Ал идея ұсыну, сторителлинг және AI-құралдарымен жұмыс істеу дағдыларына сұраныс артып келеді.
Сондықтан болашақ студенттерге инженерлік және техникалық бағыттарға, ақпараттық-коммуникациялық технологияларға, жасанды интеллектке, киберқауіпсіздікке, деректерді талдауға, бағдарламалауға және цифрлық шешімдер әзірлеуге назар аудару ұсынылады.
Сонымен қатар энергетика, құрылыс, көлік және логистика, агротехнология, биотехнология, медицина, психология, педагогика және технология мен түрлі салаларды тоғыстыратын пәнаралық бағдарламалар да болашағы зор бағыттардың қатарына жатады. Олардың ішінде EdTech, FinTech, AgriTech, LegalTech, HealthTech және GreenTech секілді салалар ерекше аталады.
Похожие материалы
Топ категории
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
- 14 июля, 2026
Air Astana БАӘ бағытындағы рейстерді тоқтатты
- 13 июля, 2026
Air Astana приостановила авиасообщение с ОАЭ
- 13 июля, 2026





