Фото: ҚР Президенті жанындағы ОКҚ
Қазақстанда жылу желілерінің тозу деңгейі ең жоғары өңірлер белгілі болды. Бұл туралы редакциямызға Энергетика министрлігі мәлімдеді.
Еліміздегі жылу желілерінің жалпы ұзындығы 13 486,8 шақырымды құрайды. Ал олардың орташа тозу деңгейі 49,95 пайызға жеткен.
Жылу желілері ең көп тозған өңірлер қатарында:
❗️Павлодар облысы – 78,2%
(облыс әкімі – Асаин Байханов)
❗️Солтүстік Қазақстан облысы – 64,6%
(облыс әкімі – Ғауез Нұрмұхамбетов)
❗️Шығыс Қазақстан облысы – 62%
(облыс әкімі – Нұрымбет Сақтағанов)
❗️Маңғыстау облысы – 62%
(облыс әкімі – Нұрдәулет Қилыбай)
❗️Қарағанды облысы – 60,3%
(облыс әкімі – Ермағанбет Бөлекпаев)
Ал ірі қалалардағы жағдай мынадай:
☑️Алматы – 53,9%
☑️Астана – 53,4%
☑️Шымкент – 37%
Жылу желілерінің тозуы ең төмен өңір – Батыс Қазақстан облысы.
Сонымен қатар, жылу желілерінің ең ұзын жүйесі Павлодар облысында – 1437,9 шақырым. Одан кейін Алматы облысы – 1409,8 шақырым, Қарағанды облысы – 1183,4 шақырым көрсеткішпен тұр.
Похожие материалы
Топ категории
Черная полоса в КазНУ? Две смерти студентов за 10 дней
- 16 ноября, 2026
Быть папой – это миссия: что обсудили на форуме отцов в Астане
- 14 ноября, 2026
Жители Петропавловска остались без обочины
- 09 ноября, 2026
Состояние отделения Казпочты возмутило жителей Кокшетау
- 05 ноября, 2026
Сколько товаров могут перевезти казахстанцы через границу
- 05 ноября, 2026





