Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 11 мың шақырым теміржол жаңғыртылады: ҚТЖ триллиондаған теңгенің жобаларын қалай жүзеге асырып жатыр

Қазақстанда 11 мың шақырым теміржол жаңғыртылады: ҚТЖ триллиондаған теңгенің жобаларын қалай жүзеге асырып жатыр
Фото: «Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметі

Қазақстанда теміржол саласын ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол желісін жаңғыртып, 5 мың шақырымнан астам жаңа магистраль салу жоспарланған.

Ірі жобалардың қатарында Дарбаза – Мақтаарал, Мойынты – Қызылжар, Бақты – Аягөз теміржол желілері мен Алматыны айналып өтетін теміржол желісі бар. Өткен жылы Достық – Мойынты жобасы белгіленген мерзімнен бұрын аяқталды. Қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан жобалардың жалпы алдын ала құны 2,2 трлн теңгеге бағаланып отыр.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Талғат Алдыбергеновтің айтуынша, қолданыстағы теміржол учаскелерін жаңғырту да қатар жүргізілуде. Бірқатар бағыттарда өткізу қабілеті 1,6-2,5 есеге дейін артқан. Сонымен қатар Қызылжар – Сексеуіл, Алтынкөл – Жетіген және Ақсу – Жаңа-Семей учаскелері жоспарланған мерзімнен бұрын пайдалануға берілді.

Инфрақұрылымды дамыту аясында ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға арналған сервистерді де кеңейтіп келеді. Соның бірі – әйелдер вагондары. Бұл қызмет іске қосылғалы бері оны шамамен 860 мың жолаушы әйел пайдаланған. Ал 2026 жылдың басынан бері ғана 100 мыңнан астам әйел осы қызметтің игілігін көрді.

Қазіргі таңда әйелдер вагондары 12 бағытта қатынайды: Алматы – Маңғыстау, Алматы – Өскемен, Павлодар – Түркістан, Маңғыстау – Семей, Атырау – Астана, Алматы – Ақтөбе, Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Ақтөбе – Алматы, Алматы – Шымкент, Астана – Семей және Орал – Маңғыстау.

Мұндай вагондарға билеттер тек әйелдерге ғана сатылады, ал қызмет көрсетуді тек әйел жолсеріктер атқарады. Ерекше жағдай ретінде жеті жасқа толмаған ұл балаларға да бұл вагондарда жүруге рұқсат етілген. Билет сатып алу кезінде «ЖН» белгісі қойылған орындарды таңдау қажет.

Похожие материалы