«Бәйтерек» холдингі трансформациядан кейін қызметкерлерді қысқартпаған
Сурет: baiterek.gov.kz
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі Ұлттық инвестициялық холдинг болып қайта құрылғаннан кейін қызметкерлер саны мен топ-менеджментті қысқартпаған. Бұл туралы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді.
Оның айтуынша, трансформация аясында құрылған жаңа бөлімшелер ішкі резервтер есебінен жасақталған. Сондықтан қызметкерлердің жалпы саны өзгерген жоқ.
Сондай-ақ холдингтегі проблемалық жобалардың (NPL) үлесі орта есеппен 8%-дан аспайды. Нұрболат Айдапкелов мұндай жобалардың туындауына пандемия салдары, қуаңшылық және электр энергиясы құнының өсуі әсер еткенін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін «Самұрық-Қазына» қорының ұлттық компанияларында әкімшілік персоналды оңтайландыру жұмыстары жүргізілген болатын. Бұл бастама Президенттің ұлттық компаниялардағы артық басқарушы кадрларды қысқарту жөніндегі сынынан кейін қолға алынған еді.
Похожие материалы
Топ категории
Тасмагамбетова и Нигматулина заметили на тое в Алматы
- 12 октября, 2026
Провалился тротуар: житель Шымкента показал опасный участок
- 12 октября, 2026
В Астане на автомобиль упали стройматериалы
- 06 октября, 2026
Незаконное строительство в Алматы взяли под усиленный контроль
- 01 октября, 2026
В Кокшетау жители ЖК не могут добиться строительства обещанной дороги
- 30 сентября, 2026





