Алматыдағы «сақалды» құрылыс: әкімдік қалалық сот ғимаратына ақшаны қайдан алатынын айтты
Алматыда қалалық сот ғимаратының құрылысы жалғасып жатыр. Бұл жоба іс жүзінде қаладағы ұзаққа созылған инфрақұрылымдық нысандардың біріне айналды.
Алматы қаласы Құрылыс басқармасы редакция сауалына берген жауабында қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарының 50 пайыздан астамы орындалғанын хабарлады.
2022 жылғы жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, жобаның жалпы құны 9,3 млрд теңгені құрайды. Бастапқыда республикалық бюджеттен қаржы тарту мүмкіндігі қарастырылғанымен, кейін құрылысты жергілікті бюджет есебінен аяқтау туралы шешім қабылданған.
Мерзімнің созылуы жобаны түзету жұмыстарымен түсіндірілді. Атап айтқанда, жаңа ғимаратта орналастырылатын судьялар құрамының саны көбейгендіктен, жобалық шешімдерді қайта қарауға тура келген. Бұл өз кезегінде құрылыс мерзіміне әсер еткен.
Қазіргі уақытта нысанды қаржыландыру мәселесі бойынша жұмыстар жалғасуда. Ғимаратты 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Айта кетейік, нысанды бастапқыда 2019 жылы тапсыру көзделген еді.
Похожие материалы
Топ категории
Черная полоса в КазНУ? Две смерти студентов за 10 дней
- 16 ноября, 2026
Быть папой – это миссия: что обсудили на форуме отцов в Астане
- 14 ноября, 2026
Жители Петропавловска остались без обочины
- 09 ноября, 2026
Состояние отделения Казпочты возмутило жителей Кокшетау
- 05 ноября, 2026
Сколько товаров могут перевезти казахстанцы через границу
- 05 ноября, 2026





