Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға - 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген.
Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің шығармаларын жинақтап, кітап қылып шығаруға әрекет етпеді ме, жалпы, кітапты кім дайындады, қалай баспа бетін көрді, неге Семейде емес, қияндағы Петерборда басылды, неге кітапты шығару ісінде көптеген кедергілер пайда болды, т.т.с.с. сауалдарға жауап іздеген екен.
Премьера соңы Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы ұйымдастырған Абай мұрасын насихаттаған концерттік бағдарламаға ұласты.
Талғат Күзембаев, Лидия Кәденова, Ерлан Біләл, Дархан Сүлейменов, Асан Мәжит, Динара Кемелхан, Ерден Жақсыбек, «Алашұлы» тобы мен Хор капелласының қатысуымен музыкалық-поэтикалық қойылым болды.
Кеш ары қарай Абай күніне арналған, ұлы ақын-ағартушының әндері шырқалып, сөздері оқылған «Almaty summer fest» фестиваліне жалғасты. Фестивальде Мақпал Жүнісова, Жанар Дұғалова, Асхат Тарғын, Нұрлан Бердібаев, Серік Исахан, Ayarai, Birzhan Demeuuly, Nurtore, Magsoul, «Kesh you», «6ellucci», «IL Canto», т.б. өнер көрсетті.
Мерекелік кеш соңында мыңдаған астам адам ашық аспан астында Абай әндерін бірге шырқады.
Похожие материалы
Топ категории
Художник из Атырау нарисовал портрет Рыбакиной на стекле автомобиля
- 14 сентября, 2026
В Актобе построят стадион на 35 тыс. мест по стандартам УЕФА
- 11 сентября, 2026
В Астане фасады 10 зданий нуждаются в ремонте
- 09 сентября, 2026
Также в Казахстане хотят отказаться от 12-летнего образования
- 08 сентября, 2026
Школьников старших классов тоже хотят освободить от сдачи СОР и СОЧ
- 08 сентября, 2026
Три несчастных случая зафиксировали в "Казахтелекоме" с начала года
- 07 сентября, 2026
Сколько локомотивов и вагонов реально работает у КТЖ
- 04 сентября, 2026
Экспертиза назвала причину смерти Улданы Мырзуан
- 03 сентября, 2026
Дело о гибели Улданы Мырзуан: что сказал сотрудник акимата Астаны
- 02 сентября, 2026
В Шымкенте родители пожаловались на обветшалые учебники
- 01 сентября, 2026
У нового стадиона в Семее возникли проблемы еще на этапе строительства
- 01 сентября, 2026
В центре Павлодара мужчина провалился под землю и получил ожог
- 24 августа, 2026





