Ақтаудың 19-шағынауданы тұрғындары бірнеше жылдан бері жылу мен ыстық су мәселесі шешілмей келе жатқанын айтып, дабыл қағуда. «Өрлеу» тұрғын үй кешеніндегі №17/2 үйдің тұрғындарының сөзінше, пәтерлердегі батареялар суық, ал су әлсіз қысыммен беріледі.
Тұрғындар үй ішінде жылыну мүмкін болмай, электр жылытқыштарын пайдалануға мәжбүр. Олардың айтуынша, үйге қызмет көрсететін компания да, коммуналдық қызметтер де бірнеше рет жасалған өтініштерге тиісті жауап бермеген.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтаудың 29-шағынауданы тұрғындары да осындай мәселеге шағымданған. Қазіргі таңда редакция тарапынан қала әкімдігіне ресми сауал жолданды.
Тэги:
Похожие материалы
Топ категории
Казахстан вошел в топ-25 электронных правительств мира
- 22 июля, 2026
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
- 14 июля, 2026
Air Astana БАӘ бағытындағы рейстерді тоқтатты
- 13 июля, 2026
Air Astana приостановила авиасообщение с ОАЭ
- 13 июля, 2026





