Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

Жетісу облысында 116 шақырым жол жөнделмек. Бұл мақсатқа 24 млрд теңге бөлінді

Жетісу облысында 116 шақырым жол жөнделмек. Бұл мақсатқа 24 млрд теңге бөлінді

Фото: gov.kz

Еліміздің өңірлеріндегі жол жөндеу жоспарларын шолуды жалғастырамыз. Келесі кезекте — Жетісу облысы, өңірді Бейбіт Исабаев басқарады.

2026 жылы жергілікті билік облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге 24,1 млрд теңге бағыттауды жоспарлап отыр. Жөндеу жұмыстары 116,8 шақырым жолды қамтиды. Нысандардың бір бөлігінде жұмыс басталып кеткен, ал кейбір жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері әлі аяқталмаған.

Негізгі жобалардың қатарында Ақсу ауданы аумағындағы «Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай автожолы» жолын қайта жаңғырту бар.

2025 жылдың қорытындысы бойынша ЗаРа Гранд серіктестігі «Алматы – Өскемен – Молалы – Үштөбе автожолы» жолын жөндеу бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылған.

Похожие материалы