Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

Қасым-Жомарт Тоқаев ең төменгі жалақыны 110мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев ең төменгі жалақыны 110мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды

Президент Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін арттыруды тапсырды. 2027 жылдан бастап бұл көрсеткішті 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр.

Бұл шара 1,8 млн адамның табысын арттыруға мүмкіндік береді. Олардың қатарында бюджет саласының 370 мың қызметкері бар.

 Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 2027 жылдан бастап алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға арттыру қажеттігін атап өтті.

Еңбекақы мөлшері еңбек өтіліне байланысты белгіленеді. Президенттің есебінше, бұл шара 77 мың маманның табысын арттыруға мүмкіндік береді.

Похожие материалы