Астананың сол жақ жағалауындағы Пригородный кентінде орналасқан апатты жағдайдағы жатақхана тұрғындары қайда көшірілетіні белгілі болды. Оларға Orman Park тұрғын үй кешенінен және Қорғалжын бағыты аймағынан пәтерлер беріледі. Бұл туралы тұрғындарға қалалық Тұрғын үй қоры басқармасының басшысы Әнуар Саипов хабарлады.
Бұған дейін қала әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғындармен кездесуге мемлекеттік органдар өкілдері келетінін айтып, уәдесін орындаған болатын.
Halyq Press тілшісі басқарма басшысымен бірге апатты үйді аралап, Арнасай көшесі, 111 мекенжайындағы ғимараттағы жағдайды көріп қайтты.
Әнуар Саиповтың айтуынша, көшіру жұмыстары қаңтар айындағы мерекелерден кейін басталады.
«Пәтерлер дайын, тіркеуден өткен. Застройщик — Galamat. Бұл — таза әрлеуі бар, бес қабатты үйлердегі толыққанды бір бөлмелі пәтерлер. Үйде 158 бөлме бар, сондықтан бәрін бірден көшіру мүмкін емес. Мерекеден кейін тұрғындарды кезең-кезеңімен, 30–40 адамнан шақырып отырамыз», — деді ол.
Сонымен қатар басқарма басшысы кейбір тұрғындардың құжаттарына қатысты мәселелер бар екенін, олардың сот арқылы шешілетінін айтты. Ал өзге тұруға жайлы емес орын-жайлар иелеріне өтемақы нарықтық бағамен төленеді.
Айта кетейік, жуырда президент Астананың әкімі Жеңіс Қасымбекті қала тұрғындарына қажетті мәселелерді дұрыс түсініп, шешім қабылдап отырғаны үшін оң бағалаған еді.
Похожие материалы
Топ категории
Дархан Сатыбалды поздравил алматинцев с Днем города
- 19 сентября, 2026
В Алматы дорожники засыпали асфальтом канализационные люки
- 16 сентября, 2026
Почему в Казахстане пока не появится новый оператор связи
- 15 сентября, 2026
В Актобе построят стадион на 35 тыс. мест по стандартам УЕФА
- 11 сентября, 2026
В Астане фасады 10 зданий нуждаются в ремонте
- 09 сентября, 2026
Также в Казахстане хотят отказаться от 12-летнего образования
- 08 сентября, 2026
Школьников старших классов тоже хотят освободить от сдачи СОР и СОЧ
- 08 сентября, 2026
Три несчастных случая зафиксировали в "Казахтелекоме" с начала года
- 07 сентября, 2026
Сколько локомотивов и вагонов реально работает у КТЖ
- 04 сентября, 2026
Экспертиза назвала причину смерти Улданы Мырзуан
- 03 сентября, 2026
Дело о гибели Улданы Мырзуан: что сказал сотрудник акимата Астаны
- 02 сентября, 2026
В Шымкенте родители пожаловались на обветшалые учебники
- 01 сентября, 2026
У нового стадиона в Семее возникли проблемы еще на этапе строительства
- 01 сентября, 2026





