Фото: gov.kz
Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, 2026–2030 жылдар аралығында 174 көпқабатты тұрғын үйден тұрғындарды көшіру жоспарланған. Бұл үйлерде шамамен 4,2 мың пәтер орналасқан.
Көшіру жоспары жылдар бойынша:
• 2026 жыл — 25 үй, 675 пәтер
• 2027 жыл — 29 үй, 745 пәтер
• 2028 жыл — 32 үй, 765 пәтер
• 2029 жыл — 74 үй, 1 154 пәтер
• 2030 жыл — 14 үй, 843 пәтер
Сонымен қатар, 50 үйге техникалық тексеру жүргізіледі. Физикалық тозу деңгейі 61% және одан жоғары деп танылған ғимараттар да апатты деп танылып, тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасына енгізіледі.





