Алматы тауларында өрт қаупі күшейіп, құтқарушылар тұрғындарға төрт ережені ескертті
Фото: Алина
Алматы тауларында өрт қауіпті кезең басталды. Осыған байланысты құтқарушылар табиғат қорғау полициясымен және «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерімен бірлесіп рейд жүргізуге кірісті.
Қалалық ТЖД мәліметінше, мұндай шаралар табиғи өрттердің алдын алуға, өрт қаупін азайтуға және тұрғындардың қауіпсіздік талаптарын сақтауын күшейтуге бағытталған.
Құтқарушылар табиғатқа шыққанда төрт негізгі ережені ұстануға шақырады:
-
белгіленбеген жерлерде от жақпау;
-
құрғақ шөп пен қоқысты өртемеу;
-
өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау;
-
өрт шыққан жағдайда шұғыл қызметтерге дереу хабарлау.
Рейд кезінде туристерге өрт қауіпсіздігі талаптары дауыс зорайтқыш құрылғылар арқылы түсіндіріледі. Сонымен қатар Шымбұлақ, Медеу және Бутаков шатқалында дрондар мен тепловизорлары бар бейнемониторинг жүйелері пайдаланылады.
Бақылау жұмыстары басқа аумақтарда да күшейтілген. Екі бейнекамера «Көк-Төбе» телерадио мұнарасында, тағы біреуі Алатау ауданындағы индустриалды аймақта орнатылған.
ТЖД дерегінше, Алматыда құрғақ шөптің жану деректері азайып келеді. Биыл жыл басынан бері 1,3 гектар аумақта құрғақ өсімдіктің 51 рет жану дерегі тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда едәуір төмен.
Қалада ірі орман алқаптары болмаса да, табиғи қордың маңызды бөлігін таулы және орман-саябақ аймақтары құрайды. Атап айтқанда, Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағы — 20 805 гектар, Медеу табиғи паркі — 708,2 гектар, Баум тоғайы — 137,7 гектар.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, мұндай өрттердің негізгі себебі — адамдардың отпен абайсыз әрекеті. Сондай-ақ кей жағдайларда тұрмыстық қоқыс пен құрғақ шөптің тұтануы да қауіп тудырады.
Алдын алу мақсатында тау бөктерінде және тұрғын үй массивтерімен шекаралас аумақтарда минералданған жолақтар жасалған. Қазірдің өзінде 5,5 шақырым осындай қорғаныс учаскесі дайындалып, 10 гектар аумақта құрғақ шөп шабылған.
Құтқарушылар тұрғындар мен туристерді табиғат аясында барынша сақ болуға шақырады. Себебі таудағы бір ұшқын үлкен өртке айналуы мүмкін.
Тэги:
Похожие материалы
Топ категории
Дархан Сатыбалды поздравил алматинцев с Днем города
- 19 сентября, 2026
В Алматы дорожники засыпали асфальтом канализационные люки
- 16 сентября, 2026
Почему в Казахстане пока не появится новый оператор связи
- 15 сентября, 2026
В Актобе построят стадион на 35 тыс. мест по стандартам УЕФА
- 11 сентября, 2026
В Астане фасады 10 зданий нуждаются в ремонте
- 09 сентября, 2026
Также в Казахстане хотят отказаться от 12-летнего образования
- 08 сентября, 2026
Школьников старших классов тоже хотят освободить от сдачи СОР и СОЧ
- 08 сентября, 2026
Три несчастных случая зафиксировали в "Казахтелекоме" с начала года
- 07 сентября, 2026
Сколько локомотивов и вагонов реально работает у КТЖ
- 04 сентября, 2026
Экспертиза назвала причину смерти Улданы Мырзуан
- 03 сентября, 2026
Дело о гибели Улданы Мырзуан: что сказал сотрудник акимата Астаны
- 02 сентября, 2026
В Шымкенте родители пожаловались на обветшалые учебники
- 01 сентября, 2026
У нового стадиона в Семее возникли проблемы еще на этапе строительства
- 01 сентября, 2026





